HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 1 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 3 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Пернетақталарды пайдалану .......................................................................................... 26 Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ...... 26 Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне өшіру ........................ 26 Кірістірілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру ......................................................................................... 27 Біріктірілген сандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ...
Төмен батарея деңгейлерін басқару .............................................................................. 41 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ............................................................. 41 Төмен батарея деңгейін шешу ....................................................................... 42 Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ...... 42 Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу .....................................................................
USB құрылғысын ажырату ............................................................................................... 56 Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану .................................................................................. 56 Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану ......................................................................... 57 9 Жад модульдері ........................................................................................................................................
Computer Setup қызметінде жүктеу құрылғыларын қосу ............................................................... 75 Жүктеу ретіндегі өзгертулерді қарастыру ....................................................................................... 76 MultiBoot басымдықтарын таңдау ................................................................................................... 77 Computer Setup қызметінде жаңа жүктеу ретін орнату .................................................
Индекс ...............................................................................................................................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу— Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 19-бетте тарауын қараңыз. ● Компьютермен танысу— компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 3-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 25-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс нұсқаулығы ● Осы нұсқаулықты ашу үшін жұмыс үстеліндегі НР құжаттары белгішесін екі рет нұқыңыз. Жұмыс компьютерін дұрыс орнату, дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс жасау салттары ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты – немесе – http://www.hp.com/ergo веб-торабына өтіңіз. Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасы HP Қолдау қызметінің телефон нөмірлері Бұл кітапша компьютермен қоса жеткізіледі.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Бөлік (1) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер тоқтата тұру режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Caps Lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: Компьютер өшірулі, уақытша тоқтату немесе күту режимінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер тоқтата тұру режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: Компьютер өшірулі, уақытша тоқтату немесе күту режимінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы: ● Сары: Сымсыз құрылғылар өшірулі.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер тоқтата тұру күйінде болғанда, тоқтата тұру күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік (4) Сипаттама Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты бұрын ол теңшелген болса орнатуға болады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөз арқылы кірудің орнына, амалдық жүйеге саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер тоқтата тұру күйінде болғанда, тоқтата тұру күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функциялық пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (3) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпарат алу үшін Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 25-бетте бөлімін қараңыз.
Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функциялық пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (3) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпарат алу үшін Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 25-бетте бөлімін қараңыз. (4) Амалдық жүйенің қолданбалары пернесі Меңзердің астындағы элементтердің төте мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Аудио шығыс (гарнитура) ұясы ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск немесе оптикалық диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискіні уақытша əдепкі орнына келтірген.
Оң жағы Бөлік 12 Сипаттама (1) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысына қосады. (2) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Опикалық дискіні оқиды. ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, тек таңдаулы үлгілерде оптикалық диск жетегі оптикалық дискіге жазады. (3) Оптикалық диск жетегінің шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық диск жетегі жұмыс істеп тұрғанда шам жанады. (4) Оптикалық дискіні шығару түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық диск науасын шығарады.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптері/батарея шамы ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбысты жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Бөлік (1) (2) 16 Бап 2 Компьютермен танысу Сипаттама Батарея мен қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары Батарея ұясы ● Батареяны босату ысырмаларын бір рет сырғыту арқылы орнынан шығарады. ● Батарея орнынан алынғанда, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмаларын екінші рет сырғыту арқылы ашады. Батареяны ұстап тұрады.
Бөлік (3) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск орнын, сымсыз жергілікті желі (WLAN) модулінің ұясын жəне жад модулінің ұясын қорғайды. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттікпен компьютерде қолдануға рұқсат етілген сымсыз модульдермен алмастырыңыз.
18 Бөлік Сипаттама (2) Қатты диск (3) WLAN модулінің ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Бап 2 Компьютермен танысу
3 Желі орнату Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз—Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 20-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 22-бетте бөлімін қараңыз. ● Сымды—Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу туралы ақпарат алу үшін Сымды желіге қосылу 23-бетте бөлімін қараңыз.
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Сымсыз байланыс түймешігін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін бір уақытта өшіру немесе қосу үшін пайдаланыңыз. Оларды Басқару орталығы немесе Компьютерді орнату арқылы жеке-жеке басқаруға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс түймешігінің түрі мен орналасқан орнын анықтау туралы ақпаратты Компьютермен танысу 3-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз. Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ● Сымсыз компьютер (3) Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай шешуге болады. ● ● WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2 протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды.
Желілік кабельді жалғау үшін 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабелдің екінші ұшын желінің қабырғадағы ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа (суретте көрсетілмеген) жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне fn пернесі мен функциялық пернелер біреуінің тіркесімі болып табылады. Жылдам пернені пайдалану үшін: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі fn+f1 Сипаттама Уақытша тоқтату күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат үнемделеді.
Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f8 Үндеткіш дыбысын төмендетеді. fn+f9 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады. fn+f10 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолшықты немесе DVD не BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді ойнатады. fn+f11 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады. fn+f12 Аудио ықшам дискідегі келесі жолшықты, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады.
Кірістірілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады. ● Сандық пернетақта өшірулі кезде, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін, пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта шамы тақта қосулы болғанда өшірулі. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама Сары: сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі: сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді. Əр қимыл туралы ақпаратты қарау үшін: 1. Компьютер > Қосымша қолданбалар тармағын таңдаңыз. 2.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Біріктірілген веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: ● Музыка ойнату. ● Дыбысты жазу. ● Интернеттен музыканы жүктеу. ● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Аудио функцияларын тексеру Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Басқару орталығы тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Жабдық түймешігін, одан кейін оң жақ аймақта Дыбыс түймешігін басыңыз. 3. Дыбыс əсерлері қойындысын нұқып, əрбір дыбысты тексеру үшін Ескерту дыбысын таңдау астындағы дыбыс параметрлерінің біреуін таңдаңыз. Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Басқару орталығы тармағын таңдаңыз. 2.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. Компьютерге жалғанған дисплей құрылғыларының арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз. ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелер тіркесімін басу параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік береді.
Сыртқы монитор fn+f4 пернелер тіркесімі басылғаннан кейін анықталмаса жəне сізде AMD сызбалар картасы болса, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Қосымша қолданбалар > Жүйе > ATI Catalyst басқару орталығы (Superuser ретінде) тармақтарын таңдаңыз. 2. Түбірлік құпия сөзді енгізіңіз. 3. Оң жақтағы аймақтан Дисплей реттеушісі тармағын таңдаңыз. 4. Қосылған дисплейлерді анықтау түймешігін басыңыз. 5.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, құрылғыны төмендегідей теңшеңіз. 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
6 Қуатты басқару Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Тоқтата тұру күйін қосу жəне одан шығу Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша тоқтата тұру күйі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады. Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталғындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып тоқтата тұру күйін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Дисплейді жабыңыз.
Қуат белгішесін қолдану Питание (Қуат) белгішесі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Питание (Қуат) белгішесі қуат параметрлерін жылдам ашуға, батарея зарядының қалған деңгейін көруге жəне басқа қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. ● Қалған батарея зарядының пайыздық мөлшерін көрсету үшін Питание (Қуат) белгішесін нұқып, Информация (Ақпарат) параметрін таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
2. Батареяны (2) жоғары қарай қисайтып, оны компьютерден шығарып алыңыз (3). Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер айнымалы ток, қосымша қуат адаптер немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 1. Компьютер > Басқару орталығы тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Жүйе түймешігін, одан кейін оң жақ аймақта Қуатты басқару түймешігін басыңыз. 3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында: ● Перейти в режим сна, если компьютер бездействует (Компьютер пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу) параметрінің сырғытпасын оң жаққа жылжытып, 30 минутқа орнатыңыз.
Төмен батарея деңгейін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ▲ Төмендегі құрылғылардың біреуін пайдаланып компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз: ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз. Қолданылған батареяны тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2.
7 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, тоқтата тұру күйін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Компьютердің астыңғы жағындағы қызмет көрсету есігін құлыптау үшін, қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында сақтауға болады. Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін: 1. Батареяны алып тастаңыз. Батарея туралы ақпаратты Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімінен қараңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу Жад модулі, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін: 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз). 2. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қолданыста болса қауіпсіздік бұрандасын алыңыз (1) (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз). 3.
2. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын (4) орнына салыңыз (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз). 3. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз). 4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 5. Компьютерді қосыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз). 7. Пайдаланылған болса, қауіпсіздік бұрандасын (1) шығарып алыңыз (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз). 8. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 46-бетте бөлімін қараңыз). ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні алу бойынша суреттер қызмет көрсетуге арналған есікке басылған. 9. Қатты дискінің төрт бұрандасын (1) қатты дисктен шығарып алыңыз.
3. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз. 4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 46-бетте бөлімін қараңыз). 5. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын орнына салыңыз (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз). 6. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз). 7. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 8.
Оптикалық дискіні салу Науа жүктемесі 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск науасын шығарып алу үшін, диск науасының беткі тақтасындағы шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3. Диск салғышты (2) ашыңыз. 4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап орналастырыңыз. 5.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск салғышты жауып, дискті қабына салыңыз. Диск науасы ашылмай тұрғанда 52 1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын (1) кіргізіңіз. 2. Науа (2) шыққанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріп, науаны толық тартып шығарыңыз.
3. Диск (3) шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск салғышты жауып, дискті қабына салыңыз.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысы карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық камералармен жəне PDA құрылғыларымен, сондай-ақ, компьютерлермен қолданылады. Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін Компьютермен танысу 3-бетте бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Құрылғылар жүйеге жалғануы мүмкін. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
▲ USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: USB сақтау құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны анықтағанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарландыру көрсетілуі мүмкін. USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, USB құрылғысын қауіпсіз ажырату үшін, келесі іс рəсімін пайдаланыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз. Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
9 Жад модульдері Компьютерде бір жад модулі бөлігі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің жиектерінен ұстап (2), оны жад модулінің ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. 9. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 46-бетте бөлімін қараңыз). 10. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын орнына салыңыз (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз). 11. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз). 12.
10 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз. ● Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз. ● Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз. Келесі кестелерде жиі қолданылатын құпия сөздердің тізімі жəне олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы Computer Setup қызметін ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
DriveLock құпия сөзін басқару Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock құпия сөзі тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындау үшін басыңыз. 4.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын құлыптаңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы компьютер үлгілерінде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады.
3. Сол жақ аймақта Қауіпсіздік жəне пайдаланушылар түймешігін жəне оң жақ аймақта Пайдаланушы мен топты басқару түймешігін басыңыз. 4. Өзгерту қажет есептік жазбаны таңдап, Өңдеу түймешігін басыңыз. 5. Қосылатын модульдер қойындысын нұқып, Пайдаланушының саусақ ізін орнату тармағын таңдаңыз жəне Іске қосу түймешігін басыңыз. 6. Саусақ ізін тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет. Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, комьютерді қайта іске қосып, f11 пернесін басу арқылы бөліктен компьютерді қалпына келтіруге болады. ЕСКЕРІМ: Егер компьютерді негізгі амалдық жүйесі бар қатты диск бөлігінен немесе қалпына келтіру бөлігінен іске қоса алмасаңыз жəне жүйені қалпына келтіру дискісін жасамаған болсаңыз, амалдық жүйені қайта орнату үшін SUSE Linux Enterprise Desktop Operating System DVD дискісін сатып алуыңыз керек.
5. Точка восстановления (Қалпына келтіру нүктесі) пəрменінен сақтық көшірме жасау уақыты мен күнін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Егер бірнеше сақтық көшірме жасалған болса, ең соңғы нұсқаға дейін қалпына келтіру үшін Ең соңғы нұсқаны пайдалану түймешігін басыңыз. 6. 70 Файлдарды қалпына келтіруді бастау үшін Қалпына келтіру түймешігін немесе əрекетті болдырмау үшін Болдырмау түймешігін басыңыз.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup қызметінде орнатылған қосымша құрал түрлеріне, компьютердің жұмысты бастау ретіне, жүйе жəне кеңейтілген жад мөлшеріне арналған параметрлер бар. ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін таңдаңыз: ● Computer Setup мəзірлерінен өзгертулерді сақтамай шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Шығу белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді елемеу жəне шығу пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет. BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сонымен қатар, ROM күні жəне Жүйелік BIOS деп аталатын ақпаратты) төмендегідей көрсетуге болады: 1. Computer Setup қызметін іске қосыңыз. 2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Файл > Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру тармақтарын таңдаңыз. 3.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады. Advanced System Diagnostics құралын пайдалану Advanced System Diagnostics компьютер жабдықтарының дұрыс жұмыс істейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді: ● Іске қосылу сынағы — бұл сынақ компьютерді бастауға талап етілетін оның негізгі бөліктерін талдайды.
13 MultiBoot Жүктеу құрылғысының реті туралы Компьютер іске қосылғанда, жүйе қосулы жүктеу құрылғыларынан жүктеу əрекеттерін жасайды. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін қадағалайды. Жүктеу құрылғыларына оптикалық диск жетектері, дискета жетектері, желі интерфейсінің картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары жатады. Жүктеу құрылғылары компьютердің дұрыс іске қосылып, дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет жүктелетін медианы немесе файлдарды қамтиды.
Computer Setup қызметін іске қосып, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысына айналдыру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
● NIC құрылғысы Computer Setup қызметінің Кірістірілген құрылғы параметрлері мəзірінде қосылған жəне құрылғыдан жүктеу функциясы Computer Setup қызметінің Жүктеу параметрлері мəзірінде қосылған жағдайда ғана компьютер NIC құрылғысынан жүктейді. NIC құрылғысында диск жетегінің аты жоқ болғандықтан, NIC құрылғысынан жүктеу логикалық диск арнаулы орындарына əсер етпейді. ● Қосымша қондыру құрылғысындағы дискілер жүктеу ретінде сыртқы USB құрылғылары ретінде қолданылады.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес динамикалық түрде таңдау Ағымдағы іске қосу реті үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдау үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы Жүктеу құрылғысын таңдау мəзірін ашып, экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. f9 пернесін басыңыз. 3.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз.
Компьютер іске қосылған, бірақ жауап бермей отыр Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі əрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз: ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір параметріне құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Компьютер, одан кейін Жүйе мониторы тармағын таңдаңыз. 3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын тоқтатылды ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Тоқтата тұру режимінен немесе күту күйінен шығыңыз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
(2) Сериялық нөмір (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттамасы (тек таңдаулы үлгілерде) Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады. 84 ● Техникалық деректер жапсырмасы—компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. Заңды деректер жапсырмасы қызмет көрсетуге арналған есіктің астына жабыстырылады.
ə Компьютерді тазалау тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін. ● Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
б Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 34 ақаулықтарды жою дискіге жазу 83 дискіні ойнату 82 оптикалық диск салғыш 81 оптикалық дискіні анықтау 82 сыртқы дисплей 82 амалдық жүйе 36 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 62 амалдық жүйе логотипті перне, анықтау 9, 10 амалдық жүйенің қолданбалары пернесі, анықтау 9, 10 аудио мүмкіндіктері 31 аудио функциялары, тексеру 32 аудио функцияларын тексеру 32 Ə əрекет пернелері, анықтау 26 əрекеттер пернелері дыбыс деңгейі 31 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 4
экран жарықтығын арттыру 25 экран кескінін ауыстыру 25 И Интернет байланысын орнатқыш 22 К кабельдер LAN 23 USB 56 кедергіні азайту желілік кабель 23 компьютерді өшіру 36 компьютерді сапарға алып шығу 42, 84 компьютерді тазалау 85 концентраторлар 55 корпоративтік WLAN қосылысы 20 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 25 Күту қосу 37 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 41 шығу 37 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 14, 15 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 27 Қ қалпына келтіру 68 қатты диск
сымсыз байланыс түймешігі анықтау 7, 8 пайдалану 20 сымсыз байланыс шамы 4, 5, 20 сымсыз байланыс шифрлауы 22 сымсыз желі (WLAN) 23 корпоративтік WLAN қосылысы 20 қажет жабдық 22 қауіпсіздік 22 қоғамдық WLAN қосылысы 20 қосылу 20 сипатталған 19 сымсыз куəландыру белгісі 84 сымсыз құрылғылар, түрлері 19 сыртқы диск 57 сыртқы құрылғылар 56 сыртқы монитор порты 13, 33 Т температура 42 теңшеу HDMI үшін дыбыс 35 Тоқтата тұру қосу 37 шығу 37 тұтынылатын қуат 87 түймешіктер Веб-шолғыш 6, 8 дыбыс деңгейі 31 қуат 6,
P PXE сервері 76 T TouchPad шамы, анықтау 5 U USB кабелі, қосу 56 USB концентраторлары 55 USB құрылғылары ажырату 56 қосылу 55 сипаттама 55 USB порттары, анықтау 12, 13, 55 USB функциясын қолдау 71 V VGA порты, қосу 33 W WLAN антенналары, анықтау 14, 15 WLAN жапсырмасы 84 WLAN желісіне қосылу 20 WLAN жүйесін орнату 22 WLAN құрылғысы 84 92 Индекс