HP Laptop User's Guide - Linux
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан
қорғай алмауы мүмкін.
(2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(3)
Айнымалы ток адаптері/батарея шамы ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған
жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне
батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған.
● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Жалғыз қуат
көзі болып табылатын батарея аз батарея
деңгейіне жетті. Батарея заряды өте төмен
деңгейге жеткен кезде батарея шамы жиі-жиі
жыпылықтай
бастайды.
● Өшірулі: Батарея толық зарядталған.
(4) Ауа өткізгіш саңылаулар Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(5)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(6)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(7)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген сыйысымды сандық не аудио компоненті
сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын
қосады.
(8)
USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғысына қосады.
Сол жағы 13