HP Laptop User's Guide - Linux

4 Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану
Пернелер тіркесімдерін анықтау
Жылдам перне fn пернесі мен функциялық пернелер біреуінің тіркесімі болып табылады.
Жылдам пернені пайдалану үшін:
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f1 Уақытша тоқтату күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне
жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат үнемделеді.
Уақытша тоқтату күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, уақытша тоқтату күйін қоспас бұрын
жұмысыңызды сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Уақытша тоқтату күйінде тұрған компьютердің батарея заряды
өте төмен
деңгейге жетсе, компьютер күту режиміне өтеді, ал жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f2 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f3 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы
бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру
терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде амалдық жүйе
пайдаланушысының құпия сөзі немесе амалдық жүйенің түбірлік құпия сөзі енгізілмегенше
компьютерге кіру мүмкін емес.
ЕСКЕРІМ: QuickLock бағдарламасын пайдаланбас бұрын, амалдық жүйе
пайдаланушысының құпия сөзін немесе амалдық жүйенің түбірлік құпия сөзін орнату керек
болады. Нұсқауларды
анықтамадан қараңыз.
fn+f6 Орнатылған барлық батареялардың заряд мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареянын
зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернетақтаны пайдалану 25