HP Laptop User's Guide - Linux

Кірістірілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
Сандық пернетақта өшірулі кезде, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын пайдалану
үшін
Кіші əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Біріктірілген сандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Бөлік Сипаттама
(1) num lk пернесі Біріктірілген сандық пернетақтада жылжу жəне сандық
функциялар арасында ауысады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
(2) Кірістірілген сандық пернетақта Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
TouchPad панелін өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 27