HP Laptop User's Guide - Linux
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Əр қимыл туралы ақпаратты қарау үшін:
1. Компьютер > Қосымша қолданбалар тармағын таңдаңыз.
2.
Сол жақ тақтада Жүйе түймешігін басып, оң жақ тақтада Сенсорлы тақта белгішесін
нұқыңыз.
3. Құрылғы параметрлері қойындысында құрылғыны нұқып, Параметрлер түймешігін
басыңыз.
4. Қимыл мүмкіндіктері туралы ақпаратты қарау үшін оны таңдаңыз.
Қимылдарды қосу жəне ажырату үшін:
1. Компьютер > Қосымша қолданбалар тармағын таңдаңыз.
2.
Сол жақ тақтада Жүйе түймешігін басып, оң жақ тақтада Сенсорлы тақта белгішесін
нұқыңыз.
3. Құрылғы параметрлері қойындысында құрылғыны нұқып, Параметрлер түймешігін
басыңыз.
4. Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 29