HP Laptop User's Guide - Linux

5 Мультимедиа
Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар:
Кірістірілген үндеткіштер
Кірістірілген микрофондар
Біріктірілген веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану
Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді:
Музыка ойнату.
Дыбысты жазу.
Интернеттен музыканы жүктеу.
Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Шұғыл хабарлама жіберу бағдарламасы арқылы дыбыс жəне кескіндерді беру.
Радио бағдарламаларын тарату.
Орнатылған оптикалық дискіні пайдаланып (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша
сыртқы оптикалық дискіні пайдаланып дыбыстық ықшам дискілерді жасайды (жазады).
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін келесі пернелерді пайдаланып реттеуге болады:
Дыбыс деңгейі жылдам пернелері
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дабыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 3-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 25-бетте
бөлімдерінен қараңыз.
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану 31