HP Laptop User's Guide - Linux
Аудио функцияларын тексеру
Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютер > Басқару орталығы тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Жабдық түймешігін, одан кейін оң жақ аймақта Дыбыс түймешігін
басыңыз.
3. Дыбыс əсерлері қойындысын нұқып, əрбір дыбысты тексеру үшін Ескерту дыбысын
таңдау астындағы дыбыс параметрлерінің біреуін таңдаңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, осы қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютер > Басқару орталығы тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Жабдық түймешігін, одан кейін оң жақ аймақта Дыбыс түймешігін
басыңыз.
3. Кіріс қойындысын нұқып, Қосқыш жанындағы ашылмалы мəзірден Микрофон немесе
Ішкі желі тармағын таңдаңыз.
4. Кіріс дыбыс деңгейі сырғытпасын қажетті параметрге жылжыту арқылы кіріс дыбыс
деңгейін реттеңіз.
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ
параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютеріңіздегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін, тапсырмалар тақтасының
оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Звук (Дыбыс) белгішесін оң жақ
түймешігімен басыңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан.
Алдын ала орнатылған Cheese бағдарламалық құралы арқылы веб-камераны фотосуреттер
түсіру немесе бейне жазу үшін пайдалануға болады. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне
қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар
алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
● Дыбыссыз суретке түсіру
ЕСКЕРІМ: Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін Cheese бағдарламалық
құралының Help (Анықтамасын) нұқыңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
VGA
● HDMI
32 Бап 5 Мультимедиа