HP Laptop User's Guide - Linux

VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғанған дисплей құрылғыларының арасында кескінді ауыстырып көрсету
үшін fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелер тіркесімін басу параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік
береді. Ноутбкі панелінің немесе сыртқы мониторлардың біреуінің тіркесімімен ноутбук
пенелі, сыртқы дисплей арасында ауыса аласыз. Сондай-ақ, сыртқы мониторларды
DisplayPort жəне VGA порттарына тіркей аласыз, бірақ бір уақытта тек бір сыртқы дисплей
белсенді болады.
Сыртқа монитор fn+f4 пернелер тіркесімі басылғаннан кейін анықталмаса, келесі қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: AMD картаңыз болса, келесі бөлімдегі нұсқауларды орындаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағындағы хабарландыру аймағындағы Gnome
Display Applet белгішесін нұқыңыз.
2. Дисплей параметрлерін теңшеу тармағын таңдаңыз.
3. Мониторларды анықтау тармағын таңдаңыз.
4. Дисплей орналасуының оң жағындағы Қосу түймешігін басыңыз. Егер əдепкі монитор
анықталмаса, сыртқы монитор сипаттамаларын пайдаланып ажыратымдылық пен жаңарту
деңгейін орнатыңыз. Қажет болса бұрылысты өзгертіңіз. Егер дисплей айнаны орнатуды
талап етсе, Айна
экрандары құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы мониторды альбомдық режимге өзгерту үшін Əдепкі түймешігін
басыңыз.
5. Применить (Қолдану) түймешігін басыңыз.
6. Закрыть (Жабу) пəрменін таңдаңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану 33