HP Laptop User's Guide - Linux

Сыртқы монитор fn+f4 пернелер тіркесімі басылғаннан кейін анықталмаса жəне сізде AMD
сызбалар картасы болса, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютер > Қосымша қолданбалар > Жүйе > ATI Catalyst басқару орталығы
(Superuser ретінде) тармақтарын таңдаңыз.
2. Түбірлік құпия сөзді енгізіңіз.
3. Оң жақтағы аймақтан Дисплей реттеушісі тармағын таңдаңыз.
4. Қосылған дисплейлерді анықтау түймешігін басыңыз.
5. Дисплей параметрлерін
тілқатысу терезесінде мониторды нұқып, Дисплей сипаттары
қойындысын немесе Бірнеше дисплей қойындысын таңдау арқылы өзгертуге болады.
6. Параметрлер теңшелгеннен кейін, Қолдану тармағын таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Компьютердеді қайта іске қосу керек болуы мүмкін.
HDMI
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне немесе
дыбыстық құрылғыға жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы
ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын құрылғыға жалғап, қосымша ақпарат алу үшін құрылғының өндіруші
нұсқауларын қараңыз.
34 Бап 5 Мультимедиа