HP Laptop User's Guide - Linux
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін,
құрылғыны төмендегідей теңшеңіз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе Цифровое
устройство вывода (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін таңдаңыз.
3. По умолчанию (Əдепкі күйін орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында
Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. По умолчанию (Əдепкі күйін орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану 35