HP Laptop User's Guide - Linux

6 Қуатты басқару
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей
мен компьютерді өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB портына қосылмаған сыртқы аппараттық құрылғыны қосқан кезде
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютердің жұмысын аяқтау үшін
, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Компьютер тоқтата тұру немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын,
тоқтата тұру немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Компьютер > Жұмысты аяқтау > Жұмысты аяқтау тармағын таңдаңыз.
Егер компьютер жауап бермесе жəне келесі өшіру іс рəсімін пайдалану мүмкін болмаса, жұмыс
аяқталғанша кезекпен берілетін келесі апаттық іс рəсімін орындап көріңіз:
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны
алып тастаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Тоқтата тұру күйі жəне күту күйі.
Тоқтата тұру күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа
сақталады жəне күту күйіне қарағанда тоқтата тұру күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік
береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін тоқтата тұру күйінде болғанда немесе тоқтата тұру күйі
кезінде батарея өте
төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауын, аудио немесе
бейне ойнату жұмысының жоғалуын немесе ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде тоқтата тұру немесе күту күйін
қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер тоқтата тұру күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың
кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
36 Бап 6 Қуатты басқару