HP Laptop User's Guide - Linux
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан Питание (Қуат) белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу үшін
▲
Батареядағы (1) ілгектерді батарея ұясының сыртқы бетіндегі кетіктерге туралаңыз да,
батареяны (2) бұру арқылы оны батарея ұясына салып орналастырыңыз.
Батареяны босату ысырмалары батареяны орнына автоматты түрде орналастырады.
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны алып тастау ақпараттың жоғалуын тудыруы
мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын,
күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріп тастаңыз.
1. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бір-бірлеп
сырғытуыңызға болады.
Батарея қуатын пайдалану 39