HP Laptop User's Guide - Linux
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін
1. Компьютер > Басқару орталығы тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Жүйе түймешігін, одан кейін оң жақ аймақта Қуатты басқару түймешігін
басыңыз.
3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында:
● Перейти в режим сна, если компьютер бездействует (Компьютер
пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу) параметрінің сырғытпасын оң жаққа
жылжытып, 30 минутқа орнатыңыз
.
●
Ноутбуктің қақпағы жабылған кезде параметрінің оң жағындағы тілқатысу
терезесінен Уақытша тоқтату немесе Күту параметрін таңдаңыз.
● Ноутбук батареясының заряды өте төмен кезде параметрінің оң жағындағы
тілқатысу терезесінен Күту немесе Жұмысты аяқтау параметрін таңдаңыз.
4. Дисплей пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу параметрінің сырғытпасын оң
жаққа жылжытып, 15 минутқа орнатыңыз, одан кейін Жарықтандырғыш жарықтығын
азайту құсбелгісін
қойыңыз.
5. Əрекетсіз кезде дисплейді күңгірттеу құсбелгісін қойыңыз.
6. Закрыть (Жабу) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріп тастаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Центр управления
(Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) параметрін қолдану арқылы
өзгертуге болады. Управление питанием (Қуатты басқару) арқылы орнатылған таңдаулы
параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
●
Егер күту күйі қосылып, компьютер қосулы немесе тоқтата тұру күйінде болса, компьютер
күту күйіне ауысады.
●
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе тоқтата тұру күйінде
болғанда, компьютер қысқа тоқтата тұру күйіне өтеді, одан кейін өшіріліп, барлық
сақталмаған ақпарат жоғалады.
Батарея қуатын пайдалану 41