HP Laptop User's Guide - Linux
Төмен батарея деңгейін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
▲
Төмендегі құрылғылардың біреуін пайдаланып компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз:
● Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу
1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз.
2. Зарядсыз батареяны
зарядталған батареяға ауыстырыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
● Күту күйін қосыңыз.
●
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз немесе айнымалы ток
адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып əрекетсіздік режимінен шығыңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
● Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) қосылымдарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде
модем бағдарламаларынан шығыңыз.
● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
● Дисплей жарықтығын азайтыңыз.
●
Компьютер пайдаланылмаған кезде, уақытша тоқтату күйін қосыңыз немесе компьютерді
өшіріңіз.
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
42 Бап 6 Қуатты басқару