HP Laptop User's Guide - Linux
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50
пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Қолданылған батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат алу үшін Заңды, кауіпсідік жəне қоршаған орта
ескертулерін қараңыз.
Батареяны ауыстыру
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Батарея туралы ақпаратты тапсырмалар тақтасының ең шеткі оң жағында орналасқан
хабарландыру аймағындағы Батарея белгішесін нұқып, одан кейін Ноутбук батареясы
пəрменін таңдау арқылы таба аласыз.
ЕСКЕРІМ: Қажет болғанда батарея қуатын пайдалануға мүмкіндік жасау үшін HP компаниясы
сақтау сыйымдылығының көрсеткіші жасыл-сары түсті болып жанған уақытта, жаңа батареяны
сатып алуды ұсынады.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары хабарынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда батареяны зарядтамаңыз.
● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде
● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде
●
Ақпаратты ықшам дискіге немесе DVD дискісіне жазу кезінде
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Егер компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы Батарея белгішесінің көрінісі
өзгереді.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 43