HP Laptop User's Guide - Linux

Компьютердің астыңғы жағындағы қызмет көрсету есігін құлыптау үшін, қосымша қауіпсіздік
бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында
сақтауға болады.
Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін:
1. Батареяны алып тастаңыз. Батарея туралы ақпаратты
Батареяны салу жəне шығарып
алу 39-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
жұмысты сақтаңыз жəне батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе
компьютерді амалдық жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
2. Қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясынан (1) алып, қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына бекіту үшін, бұранданы (2) салыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта
қою
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін.
46 Бап 7 Дискілер