HP Laptop User's Guide - Linux

Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру үшін,
қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін:
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін
қараңыз).
2. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қолданыста болса қауіпсіздік бұрандасын алыңыз (1)
(
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз).
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті ашу үшін, қызмет көрсетуге арналған есік ысырмаларын
(2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмаларын бір уақытта немесе
бір-бірлеп сырғытуыңызға болады.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (3) қарай сырғытып, оны
көтеріп (4) алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін:
1. Қызмет көрсетуге арналған есік ілгектерін компьютердегі ысырмалармен (1) туралап, есікті
сырғытыңыз да, оны (2) жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған есікті орнына (3) автоматты
түрде бекітеді.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 47