HP Laptop User's Guide - Linux

2. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын (4) орнына салыңыз (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын
пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз).
3. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 39-бетте бөлімін қараңыз).
4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта қосыңыз.
5. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы, тоқтата тұру күйінде немесе күту күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз.
Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, алдыңғы жағын сізге қаратып, тегіс бетке орналастырыңыз.
48 Бап 7 Дискілер