HP Laptop User's Guide - Linux
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Медиа картаны оқу құрылғысы карталарын
пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық камералармен жəне PDA
құрылғыларымен, сондай-ақ, компьютерлермен қолданылады.
Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін
Компьютермен
танысу 3-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны енгізу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны медиа картаны оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
Сандық картаны шығарып алу үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus тармағын таңдаңыз.
2. Файл шолғышының сол жақ аймағындағы Орындар тізіміндегі сандық карта атауының
қасында орналасқан Шығару белгішесін нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі.
54 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар