HP Laptop User's Guide - Linux

USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB сақтау құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны анықтағанын көрсету
үшін хабарландыру аймағында хабарландыру көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, USB
құрылғысын қауіпсіз ажырату үшін, келесі іс рəсімін пайдаланыңыз.
USB құрылғысын ажырату үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus тармағын таңдаңыз.
2. Файл шолғышының сол жақ аймағындағы Орындар тізіміндегі құрылғы атауының қасында
орналасқан Шығару белгішесін нұқыңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу немесе
компьютердің порттарын дұрыс қолдану үшін, өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз.
2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған
айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
56 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар