HP Laptop User's Guide - Linux
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы Computer Setup қызметін ашыңыз. Экранның
төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі
көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен
Қауіпсіздік > Setup BIOS əкімші
құпия сөзі тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
● BIOS əкімші құпия сөзін орнату үшін, құпия сөзіңізді Жаңа құпия сөзді енгізіңіз жəне
Жаңа құпия сөзді растаңыз өрістеріне енгізіп, enter пернесін басыңыз.
●
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту үшін, ағымдағы құпия сөзді Ағымдағы құпия сөзді
енгізіңіз өрісіне енгізіп, Жаңа құпия сөзді енгізіңіз
жəне Жаңа құпия сөзді
растаңыз өрістеріне жаңа құпия сөзді енгізіп, enter пернесін басыңыз.
● BIOS əкімші құпия сөзін жою үшін, ағымдағы құпия сөзді Құпия сөзді енгізіңіз
өрісінде теріп, enter пернесін 4 рет басыңыз.
3. Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup утилитасынан шығу үшін, көрсеткі
пернелерді пайдаланып, Шығу > Өзгертулерді сақтап шығу пəрмендерін таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске
қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
Құпия сөзді енгізіңіз сұрауына əкімші құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз. Əкімші құпия
сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта орындау
қажет.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін пайдалану
ЕСКЕРТУ: DriveLock құралымен қорғалған қатты диск қолданысқа жарамай қалмау үшін,
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін жəне DriveLock басты құпия сөзін компьютерден қашық
қауіпсіз жерге жазып қойыңыз. DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытсаңыз, қатты диск
құлыпталып, қолданысқа жарамай қалады.
DriveLock қорғанысы қатты диск мазмұндарын рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қызметін
тек компьютердің ішкі қатты дискісіне (дискілеріне) қолдануға болады. DriveLock қорғанысы
дискіге қолданылса, дискіні ашу үшін, құпия сөзді енгізу керек. DriveLock құпия сөздерімен кіру
үшін, диск компьютерге немесе қосымша порт ұзартқышына салыну керек.
DriveLock қорғанысын ішкі қатты дискіге қолдану үшін, пайдаланушы жəне басты құпия сөздері
Computer Setup қызметінде орнатылу
керек. DriveLock қорғанысын қолдану туралы келесі
түсініктерге назар аударыңыз:
● DriveLock қорғанысы қатты дискіге қолданылған соң, қатты дискіге тек пайдаланушы құпия
сөзін немесе басты құпия сөзді енгізу арқылы кіруге болады.
● Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің ағымдағы пайдаланушысы болу
керек. Басты құпия сөздің иесі жүйе əкімшісі немесе ағымдағы пайдаланушы болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы
құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді тек DriveLock қорғанысын дискіден алу
арқылы жоюға болады. DriveLock қорғанысын дискіден тек басты құпия сөз арқылы алуға
болады.
Құпиясөздерді пайдалану 63