HP Laptop User's Guide - Linux
DriveLock құпия сөзін басқару
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock
құпия сөзі тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындау үшін басыңыз.
4. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock
деп теріп, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay
құрылғысына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия
сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан
кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп
көру керек
.
Computer Setup қызметінің автоматты DriveLock құпия
сөзін пайдалану
Бірнеше пайдаланушы болғанда, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға болады. Автоматты
DriveLock құпия сөзі функциясы қосылғанда, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock
басты құпия сөзі сіз үшін жасалады. Кез келген пайдаланушы құпия сөз куəлігін тапсырғанда,
диск құлпын ашу үшін, сол кездейсоқ пайдаланушы жəне DriveLock басты құпия сөзі
қолданылады.
ЕСКЕРІМ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін қолдану үшін, алдымен BIOS əкімші құпия сөзі
болу керек.
Автоматты DriveLock құпия сөзін басқару
Computer Setup қызметінде Автоматты DriveLock құпия сөзі функциясын қосу немесе ажырату
үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» мəтіні шыққанда esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock
құпия сөзі тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
64 Бап 10 Қауіпсіздік