HP Laptop User's Guide - Linux

Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе
кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық
құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін,
брандмауэрді уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, брандмауэрді қайта
қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
1. Желіаралық қалқан параметрлерін көру немесе өзгерту үшін, Компьютер> YaST тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: YaST қызметіне кіргенде, түбірлік құпия сөзді енгізу сұралады.
2. Сол жақ аймақта Қауіпсіздік жəне пайдаланушылар түймешігін жəне оң жақ аймақта
Желіаралық қалқан түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Желіаралық қалқан параметрлерін өзгерткенде, түбірлік құпия сөзді енгізуге
шақырыласыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген
кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін. Компьютердегі қауіпсіздік кабелі ұясының орналасқан орнын
анықтау үшін
Компьютермен танысу 3-бетте бөлімін қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз.
2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану 65