HP Laptop User's Guide - Linux

3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын
құлыптаңыз.
4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы компьютер үлгілерінде қолжетімді болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы
мен құпия сөзді орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен
компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады.
кіру кезінде сусақ ізінің түпнұсқалық растамасын қосу
Кіру кезінде сусақ ізінің түпнұсқалық растамасын қосу үшін:
1. Компьютер > YaST тармағын таңдаңыз.
2. Түбірлік құпия сөзді енгізіп, Жалғастыру түймешігін басыңыз.
3. Сол жақ аймақта Жабдық түймешігін, одан кейін оң жақ аймақта Саусақ ізін оқу
құрылғысы түймешігін басыңыз.
4. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Саусақ ізін тіркеу үшін, пайдаланушыны басқару утилитасын ашуыңыз керек.
Бұл утилитаны есептік жазбаны орнату тілқатысу терезесінде Аяқтаған соң
пайдаланушыны басқаруды іске қосу құсбелгісін қою арқылы іске қоса аласыз.
Саусақ ізін тіркеу
Саусақ ізі пайдаланушы есептік жазбасын орнатқанда саусақ ізін тіркемесеңіз, саусақ ізі
параметрлерін өзгерту үшін пайдаланушыны басқару утилитасын аша аласыз.
Пайдаланушыны басқару утилитасын ашу жəне саусақ ізін тіркеу үшін:
1. Компьютер > YaST тармағын таңдаңыз.
2. Түбірлік құпия сөзді енгізіп, Жалғастыру түймешігін басыңыз.
66 Бап 10 Қауіпсіздік