HP Laptop User's Guide - Linux

11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы
сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды
жалғастыру қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді. Орнатылған немесе сыртқы DVD±RW оптикалық дискісін пайдаланып HP
зауыттық кескінді қалпына келтіру DVD дискісін жасай аласыз. Сондай-ақ, компьютерді
зауыттық күйіне қатты дискідегі HP арнайы қалпына келтіру бөлігінен қалпына келтіре аласыз.
ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды
да, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған
барлық бағдарламалар мүлде жойылады. Recovery (Қалпына келтіру) құралы бастапқыда
орнатылған амалдық жүйені, НР бағдарламаларын жəне зауытта орнатылған драйверлерді
қайта орнатады. НР орнатпаған бағдарламалар, драйверлер мен жаңартулар қолмен қайта
орнатылуы тиіс. Жеке файлдар сақтық көшірмеден
қалпына келтірілуі тиіс.
HP зауыттық кескінді қалпына келтіру DVD дискісімен компьютерді қалпына келтіру үшін,
алдымен қалпына келтіру дискісін жасауыңыз керек. Қалпына келтіру дискісін жасау үшін:
ЕСКЕРІМ: НР компаниясы жүйе қатесі жағдайында HP зауыттық кескінді қалпына келтіру DVD
дискісін жасауды ұсынады.
1. Компьютер > Қосымша қолданбалар тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Құралдар түймешігін жəне оң жақ аймақта HP зауыттық кескінді
қалпына келтіру DVD дискісін жасау түймешігін басыңыз.
3. Қалпына келтіру дискісі жазылатын кескін файлын жасау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін
жасаңыз.
2. HP зауыттық кескінді қалпына келтіру DVD дискісін оптикалық диск жетегіне енгізіп,
компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда, Computer Setup утилитасын іске қосу параметрі
мəзірін ашу үшін, f9 пернесін басыңыз.
4. Желіні жаңарту ұясы параметрін таңдаңыз.
5. Көрсеткі пернелерді пайдаланып, сұралған кезде Иə жауабын таңдаңыз. Жүйені қалпына
келтіруді бастау керек пе?
6. Экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
68 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру