HP Laptop User's Guide - Linux

ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, комьютерді қайта іске қосып, f11 пернесін басу арқылы бөліктен
компьютерді қалпына келтіруге болады.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютерді негізгі амалдық жүйесі бар қатты диск бөлігінен немесе қалпына
келтіру бөлігінен іске қоса алмасаңыз жəне жүйені қалпына келтіру дискісін жасамаған
болсаңыз, амалдық жүйені қайта орнату үшін SUSE Linux Enterprise Desktop Operating System
DVD дискісін сатып алуыңыз керек. Қосымша ақпаратты Worldwide Telephone Numbers
(Əлемдік телефон нөмірлері) кітапшасынан оқыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қатамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың сақтық
көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы
диск, желілік диск немесе жинақтағыш дискілерде қолмен жасауға болады. Мына жағдайларда
жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе
өзгертпес бұрын
Бастапқы каталогыңыздағы файлдардың сақтық көшірмесін Сақтық көшірме реттеуішінің
параметрлері арқылы жасау үшін:
1. Компьютер > Қосымша қолданбалар > Құралдар > Сақтық көшірме реттеуішінің
параметрлері жəне Бастапқы каталогтың сақтық көшірмесін жасау тармақтарын
таңдаңыз.
2. Тағайындалған сақтау орны мəзірін нұқып, ақпарат сақтық көшірмесінің сақталу орнын
таңдаңыз.
3. Сақтық көшірмелерді жоспарланған уақытта жасау үшін Кесте
мəзірін нұқып, уақыт
кестесін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін дереу жасау үшін, Қазір сақтық көшірмені жасау
құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары
сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз.
4. Сақтық көшірме жасауды бастау жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін сақтау үшін,
Сақтау жəне сақтық көшірме жасау түймешігін басыңыз.
Сақтық көшірме файлдарын қалпына келтіру үшін
1. Компьютер > Қосымша қолданбалар > Құралдар > Сақтық көшірме реттеушісін
қалпына келтіру тармағын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме көзі мəзірін нұқып, сақтық көшірме файлдары сақталатын орынды
таңдаңыз.
3. Қалпына
келтірілетін файды сақтау жолы мəзірін нұқып, файлдар қалпына келтірілетін
орынды таңдаңыз.
4. Таңдалған орыннан файлдардың бəрін қалпына келтіру үшін Файлдардың бəрін
қалпына келтіру түймешігін басыңыз. Таңдалған файлдарды қалпына келтіру үшін
Таңдалған файлдарды қалпына келтіру, одан кейін Таңдалған файлдар түймешігін
басып, қалпына келтірілетін файлдарды нұқыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 69