HP Laptop User's Guide - Linux
12 Computer Setup (BIOS) жəне
Advanced System Diagnostics
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup қызметінде орнатылған қосымша құрал
түрлеріне, компьютердің жұмысты бастау ретіне, жүйе жəне кеңейтілген жад мөлшеріне
арналған параметрлер бар.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup қызметін іске қосу
ЕСКЕРІМ: USB портына жалғанған сыртқы пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup
көмегімен тек USB функциясын қолдау қосылып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Computer Setup қызметін іске қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup қызметін пайдалану
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
●
Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе
элементті
таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
● Жоғары жəне төмен жылжу үшін, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткіні басыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз.
●
Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін көрсеткі құрылғысын
(Сенсорлы тақта, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны
қолдануға болады.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup қызметін іске қосу 71