HP Laptop User's Guide - Linux
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін таңдаңыз:
●
Computer Setup мəзірлерінен өзгертулерді сақтамай шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Шығу белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді елемеу жəне
шығу пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
– немесе –
● Өзгертулерді сақтап, Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Сақтау белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді сақтап шығу
пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін,
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Файл >
Əдепкі параметрлерді
қалпына келтіру тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау жəне шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Сақтау
белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен Файл > Өзгертулерді сақтап шығу пəрменін таңдап,
enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін
сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
72 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics