HP Laptop User's Guide - Linux
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сонымен қатар, ROM күні жəне Жүйелік BIOS деп аталатын
ақпаратты) төмендегідей көрсетуге болады:
1. Computer Setup қызметін іске қосыңыз.
2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Файл > Əдепкі параметрлерді
қалпына келтіру тармақтарын таңдаңыз.
3. Computer Setup мəзірлерінен
өзгертулерді сақтамай шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Шығу белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді елемеу жəне
шығу пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, компьютерді қосу немесе қайта қосу, экранның төменгі жағында
«Бастау мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде, esc пернесін, одан
кейін f1 басу арқылы BIOS нұсқасын анықтауға болады. Бұл экраннан шығу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату
барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерді тоқтата тұру немесе күту күйіне
ауыстырып қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Веб-шолғышты ашып, http://www.hp.com/support торабына өтіңіз, одан кейін еліңізді немесе
аймағыңызды таңдаңыз. Компьютер үшін бағдарламалық құралды беретін HP веб-
торабындағы бетке кіріңіз. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын
BIOS жаңарту файлдарына қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Бағдарламалық құрал мен драйверді жүктеуге арналған параметрді таңдап, өнім жолағына
компьютер үлгісінің нөмірін жазып, enter пернесін басыңыз. Компьютерде орнатылған
нұсқаны
анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол жеткізу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Тізімдегі үлгілерден арнайы өнімді таңдаңыз.
4. Тиісті амалдық жүйені таңдаңыз.
5. BIOS бөліміне өтіп, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеңіз.
6. Жүктелген BIOS бағдарламалық құрал бумасымен берілген орнату нұсқауларын
орындаңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту 73