HP Laptop User's Guide - Linux
13 MultiBoot
Жүктеу құрылғысының реті туралы
Компьютер іске қосылғанда, жүйе қосулы жүктеу құрылғыларынан жүктеу əрекеттерін жасайды.
Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін қадағалайды.
Жүктеу құрылғыларына оптикалық диск жетектері, дискета жетектері, желі интерфейсінің
картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары жатады. Жүктеу құрылғылары
компьютердің дұрыс іске қосылып, дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет жүктелетін медианы немесе
файлдарды қамтиды.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жүктеу құрылғыларын жүктеу ретіне қоймас бұрын, Computer Setup
қызметінде қосу керек.
Зауыттық параметрлер компьютерге қосылған жүктеу құрылғыларын жəне диск ұясының
орналасуларын іздеу арқылы төмендегі ретпен таңдауға мүмкіндік береді:
ЕСКЕРІМ: Тізімдегі кейбір жүктеу құрылғылары мен диск ұясының орналасуларына
компьютеріңізде қолдау болмауы мүмкін.
● Ноутбукті жаңарту ұясы
●
Оптикалық диск жетегі
● Ноутбуктің қатты дискісі
●
USB дискета жетегі
●
USB CD-ROM
● USB қатты дискісі
●
Ноутбуктің Ethernet кабелі
●
Қауіпсіз сандық (SD) жад картасы
● Қондыру тұғырын жаңарту ұясы
●
Сыртқы SATA диск жетегі
Computer Setup қызметінде жүктеу ретін өзгертіп, компьютердің жүктеу құрылғысын іздеу ретін
өзгертуге болады. Сондай-ақ, экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін, ESC
пернесін басыңыз» хабары
көрсетілгенде, esc пернесін, содан кейін f9 пернесін басуыңызға
болады. f9 пернесін басқанда, ағымдағы жүктеу құрылғыларын көрсететін мəзір шығып, жүктеу
құрылғысын таңдауға мүмкіндік береді. Немесе компьютерді қосқан немесе қайта қосқан сайын
жүктеу орны сұралу үшін, MultiBoot Express құралын пайдалануға болады.
Computer Setup қызметінде жүктеу құрылғыларын
қосу
Тек алдымен Computer Setup қызметінде қосылған жағдайда ғана компьютер USB немесе NIC
құрылғысына жүктейді.
Жүктеу құрылғысының реті туралы 75