HP Laptop User's Guide - Linux
Computer Setup қызметін іске қосып, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысына
айналдыру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. USB дискілеріндегі немесе қосымша қондыру құрылғысына салынған дискілердегі (тек
таңдаулы үлгілерде) жүктелетін
медианы қосу үшін, көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі
пернелері көмегімен Жүйе теңшелімдері > Құрылғы теңшелімдері тармақтарын
таңдаңыз. USB функциясын қолдау параметрі таңдалғанын растаңыз.
ЕСКЕРІМ: USB функциясын қолдау қызметін қолдану үшін, USB порты параметрін қосу
керек. Зауытта қосылған. Порт ажыратылса, Жүйе теңшелімі > Порт параметрлері
тармағын, одан кейін USB порты тармағын таңдау арқылы оны қайта қосыңыз.
– немесе –
NIC құрылғысын қосу үшін, Жүйе теңшелімі >Жүктеу параметрлері тармағын, одан кейін
PXE ішкі NIC жүктеуі тармағын таңдаңыз.
4. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Сақтау белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен Файл > Өзгертулерді сақтап шығу пəрменін таңдап,
enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске
қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРІМ: MultiBoot көмегінсіз NIC құрылғысын Preboot eXecution Environment (PXE) немесе
Remote Program Load (RPL) серверіне жүктеу үшін, экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін
ашу үшін, ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде, esc пернесін, содан кейін f12 пернесін
басыңыз.
Жүктеу ретіндегі өзгертулерді қарастыру
Жүктеу ретін өзгерту алдында, төмендегі түсініктерге назар аударыңыз:
●
Жүктеу реті өзгертілген соң компьютерді қайта қосқанда, компьютер жаңа жүктеу ретін
қолдануға əрекет жасайды.
● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр
түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі. Мысалы,
компьютер қатты дискісі бар қосымша қондыру құрылғысына жалғанған болса, бұл қатты
диск
жүктеу реті тізімінде USB қатты дискісі атымен көрсетілетін болады. Егер жүйе бұл
USB қатты дискісінен жүктеу əрекетін жасап, оны сəтсіз орындаса, жүйе қатты диск
ұясындағы қатты дискіден жүктеу əрекетін қайта жасамайды. Оның орнына, жүйе жүктеу
реті тізіміндегі келесі құрылғы түрінен жүктеу əрекетін жасайды. Алайда, екі оптикалық
құрылғы бар болса жəне бірінші оптикалық құрылғы жүктелмесе (
онда медиа болмаса
немесе медиа жүктеу дискісі болмаса), жүйе екінші оптикалық құрылғыдан жүктеу əрекетін
жасайды.
● Жүктеу ретін өзгерту логикалық диск арнаулы орындарын да өзгертеді. Мысалы, С ретінде
пішімделген дискісі бар CD-ROM диск жетегін қосқанда, сол CD-ROM диск жетегі C
дискісіне, ал қатты диск D дискісіне айналады.
76 Бап 13 MultiBoot