HP Laptop User's Guide - Linux
● NIC құрылғысы Computer Setup қызметінің Кірістірілген құрылғы параметрлері мəзірінде
қосылған жəне құрылғыдан жүктеу функциясы Computer Setup қызметінің Жүктеу
параметрлері мəзірінде қосылған жағдайда ғана компьютер NIC құрылғысынан жүктейді.
NIC құрылғысында диск жетегінің аты жоқ болғандықтан, NIC құрылғысынан жүктеу
логикалық диск арнаулы орындарына əсер етпейді.
●
Қосымша қондыру құрылғысындағы дискілер жүктеу ретінде сыртқы USB құрылғылары
ретінде қолданылады.
MultiBoot басымдықтарын таңдау
MultiBoot құралын төменгі əдістермен қолдануға болады:
● Computer Setup қызметінде жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютер қосылған сайын
қолданылатын жаңа жүктеу ретін орнату.
● Сондай-ақ, экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз»
хабары көрсетілгенде, esc пернесін, содан кейін f9 пернесін басуыңызға болады.
●
Түрлі жүктеу ретін орнату үшін MultiBoot Express құралын пайдалану: Компьютер қосылған
немесе
қайта қосылған сайын, бұл мүмкіндік жүктеу құрылғысын сұрайды.
Computer Setup қызметінде жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup қызметін іске қосып, компьютер қосылған немесе қайта қосылған сайын
қолданылатын құрылғыларды жүктеу ретін орнату:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Қолданыстағы жүктеу реті
тізімін
таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Жүктеу ретінде құрылғыны жоғары көтеру үшін, көрсеткі құрылғысы көмегімен жоғары
көрсеткіні немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Жүктеу ретінде құрылғыны төмен түсіру үшін, көрсеткі құрылғысы көмегімен төмен
көрсеткіні немесе - пернесін басыңыз.
5. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Сақтау белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен Файл > Өзгертулерді сақтап шығу пəрменін таңдап,
enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
MultiBoot басымдықтарын таңдау 77