HP Laptop User's Guide - Linux

Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес
динамикалық түрде таңдау
Ағымдағы іске қосу реті үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдау үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы Жүктеу құрылғысын таңдау мəзірін ашып,
экранның төменгі жағында «Бастау мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз» хабары
көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. f9 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен жүктеу құрылғысын
таңдап, enter
пернесін басыңыз.
Өзгертулер дереу енгізіледі.
MultiBoot Express жылдам мүмкіндігін орнату
Computer Setup қызметін іске қосып, компьютер қосылған немесе қайта қосылған сайын,
MultiBoot іске қосу орны мүмкіндігінің мəзірі көрсетілу үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Бастау
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе
көрсеткі пернелері көмегімен Жүйе теңшелімі > Жүктеу
параметрлері тармақтарын таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Əдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу
орналасқан мəзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мəнін Multiboot
Express қалқыма хабарын кідірту (сек) өрісіне енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда,
Express Boot басталуының орналасу мəзірі көрсетілмейді.)
5. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі
сол жақ
бұрышындағы Сақтау белгішесін нұқып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелерінің көмегімен Файл > Өзгертулерді сақтап шығу пəрменін таңдап,
enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
MultiBoot Express басымдықтарын енгізу
Express Boot мəзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына əрекеттерді орындауға
болады:
Express Boot мəзірінен жүктеу құрылғысын белгілеу үшін, берілген уақыт ішінде
басымдықты таңдап, enter пернесін басыңыз.
Компьютер ағымдағы MultiBoot параметрін орнатпауы үшін, берілген уақыт аяқталғанша,
кез келген пернені басыңыз. Жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі басылмайынша,
комепьютер іске қосылмайды.
Компьютерге ағымдағы MultiBoot параметлеріне қатысты қосылуға
рұқсат беру үшін,
берілген уақыт аяқталғанша күтіңіз.
78 Бап 13 MultiBoot