HP Laptop User's Guide - Linux

Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма
тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение
(Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу
үшін мəзір параметріне құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып
тастаңыз.
Сымсыз
құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар
жанғанына көз жеткізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе
DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз.
Барлық
кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Оптикалық диск салғыш ықшам диск немесе DVD дискісін шығару
үшін ашылмайды
1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз.
2. Диск салғыш шыққанша қағаз қыстырғышты жайлап басып, ол тоқтағанша салғышты (2)
алға тартыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен
ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Ақаулықтарды жою 81