HP Laptop User's Guide - Linux
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды
Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің
бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін.
1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз.
2. Компьютер, одан кейін Жүйе мониторы тармағын таңдаңыз.
3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан
сыртқы жад контроллерін анықтаңыз.
4. Оптикалық дискіңіз табылғанша құрылғылардың қасындағы бұрышты нұқыңыз. Егер диск
тізімде
көрсетілсе, ол дұрыс жұмыс жасауы тиіс.
Диск ойнатылмайды
● Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық
ашық болған бағдарламаларды жабыңыз.
● Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
●
Дискіні дұрыс салғандығыңызға көз жеткізіңіз.
● Дискінің таза екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, дискіні сүлгіленген сумен жəне түксіз
матамен тазалаңыз. Дискіні ортасынан сыртқы жиекке қарай сүртіңіз.
●
Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз.
Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні
электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен
қалпына келтіріңіз.
●
Дискіні ойнатудың алдында тоқтата тұру режимін өшіріңіз.
Дискіні ойнату барысында тоқтата тұру немесе күту күйін бастамаңыз. Олай болмаған
жағдайда, жалғастыруды қалайсыз ба сияқты ескерту хабарламасы экранға шығарылады.
Егер осы хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін басыңыз. Жоқ түймешігі
басылғаннан кейін компьютер мына əрекеттердің біреуін жүзеге асырауы мүмкін:
◦ Ойнату жалғасуы мүмкін.
– немесе –
◦ Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға
қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести
(Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта
бастауыңыз қажет.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында
ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз.
ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРІМ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей
ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді.
82 Қосымша а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету