HP Laptop User's Guide - Linux

əКомпьютерді тазалау
тазалау заттары
Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет
қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.)
Шыны тазалауға арналған спиртсіз сұйықтық
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Мына тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, митилен хлориді жəне гидрокарбондар сияқты қатты
еріткіштер; олар компьютердің бетін қатты зақымдауы мүмкін.
Қағаз орамалдар сияқты талшықты материалдар компьютер бетін тырнап тастауы мүмкін.
Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рəсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Компьютерді жаппас бұрын дисплейдің кепкенін тексеріңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған
тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір
рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
тазалау заттары 85