HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth - меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. AMD - Advanced Micro Devices корпорациясының сауда белгісі. SD логосы - осы меншік иесінің сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған принтер сияқты қатты затардың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Шарлау ............................................................................................................. 26 Таңдау .............................................................................................................. 27 Сенсорлық тақта қимылдарын пайдалану .................................................... 27 Түрту ................................................................................................ 28 Жылжу ..................................................................
Батарея зарядының біту уақытын арттыру .................................................................... 43 Батареяның төмен деңгейлерін басқару ........................................................................ 43 Батареяның төмен деңгейлерін анықтау ....................................................... 43 Заряды аз батарея деңгейін реттеу ............................................................... 43 Сыртқы қуат бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу ................................
Қатты дискінің жұмысын жақсарту .................................................................................. 60 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ......................................... 60 Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................... 60 HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ................... 60 HP 3D DriveGuard күйін анықтау ....................................................................
10 Күтім ............................................................................................................................................................ 81 Жад модулін қосу немесе ауыстыру ............................................................................................... 81 Компьютерді тазалау ........................................................................................................................ 83 Тазалау өнімдері ..................................................
Қосымша ə Ақаулықтарды жою ................................................................................................................ 100 Ақаулықтарды жою көздері ............................................................................................................ 100 Мəселелерді шешу ......................................................................................................................... 100 Компьютер қосылмайды ..................................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу 20-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын ақаулықтан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатыған. Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 77-бетте бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Компьютерде түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал орнатылған. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары буклеті ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics нұсқаулығы Windows® 8 жүйесін қолдану нұсқаулары. Анықтама жəне қолдау орталығы ● Амалдық жүйе туралы ақпарат Анықтама жəне қолдау қызметін ашу үшін Бастау экранында анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу: Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments сайтын қараңыз. *Құрылғыға қатысты арнайы НР шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта келген CD/DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарынан табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін жабдықтайды.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлық тақтасы Бөлшегі Сипаттамасы (1) Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесі Сенсорлық тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлық тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлық тақтаның сол жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жағы сияқты жұмыс істейді. (4) Сенсорлық тақтаның оң жағы Сыртқы тінтуірдің оң жағы сияқты жұмыс істейді.
Бөлшегі (1) Сипаттамасы Қуат шамы ● Қосу: Компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөлшектердің қуатын өшіреді. ● Өшіру: Компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосу: Компьютер қосулы. ● Өшіру: Компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Бөлік (1) Қуат түймешігі ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшіру: Компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Веб-шолғыш шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшіру: Компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі.
Түймелер, спикерлер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, түймесін басып күту күйінен шығыңыз.
Бөлік 8 Сипаттама (3) Веб-шолғыш түймешігі Əдепкі веб-шолғышты ашады. (4) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, түймесін басып күту күйінен шығыңыз.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлшегі Сипаттамасы (1) esc пернесі Жүйе ақпаратын көрсетеді. (2) fn пернесі Функция пернесі num lk немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік қызметтерді орындайды. (3) Windows логотипі бар перне Windows жүйесінің Бастау экранын көрсетеді (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі жасалатын жүйе функцияларын орындайды.
Бөлшегі Сипаттамасы (1) esc пернесі Жүйе ақпаратын көрсетеді. (2) fn пернесі Функция пернесі num lk немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік қызметтерді орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Бастау экранын көрсетеді (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды. (5) Windows қолданбалар пернесі Apps бағанасын көрсетеді.
Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды.
Оң жақ көрінісі Бөлік Сипаттама (1) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (2) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (3) Оптикалық диск жетегінің шамы (тек таңдаулы үлгілерде) ● Қосу: Оптикалық дискке кіру орындалуда. ● Өшіру: Оптикалық диск бос. (4) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық диск салғышты шығарады.
Бөлік (3) (4) Сипаттама Айнымалы ток адаптері/батарея шамы Желдеткіш ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары түсте жыпылықтау: Жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен заряд деңгейіне жетті, Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, айнымалы ток адаптері/батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды. ● Өшірулі: батарея заряды толы.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбысты жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера пайдаланылуда. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суретке түсіреді. Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін, бастау > анықтама жəне қолдау тармақтарын таңдаңыз.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1 немесе 2) Дыбысты жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера пайдаланылуда. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суретке түсіреді. Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін, бастау > анықтама жəне қолдау тармақтарын таңдаңыз.
Түбіндегі ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік (1) (2) Сипаттама Батарея/қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары Батарея ұясы ● Батареясы батарея ұясының ысырмаларын бір рет сырғыту арқылы шығарылады. ● Батарея ұясынан шығарылғаннан кейін, қызмет көрсетуге арналған есігін ысырмаларды екінші рет сырғыту арқылы босатыңыз. Батареяны ұстап тұрады.
Бөлік (3) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN модулінің ұясын жəне жад модульдерінің ұяларын қорғайды. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ғана алмастырыңыз.
Бөлік Сипаттама (2) Қатты диск (3) WLAN модулінің ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер түбіндегі бөліктерді анықтау 19
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылғандықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймесін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін: 1. Бастау экранынан h əрпін теріңіз, одан кейін анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. 2.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранына h əрпін теріңіз, одан кейін анықтама жəне қолдау тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жабдықталған меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түйме конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз.
Сенсорлық тақтаны қосу жəне өшіру Сенсорлық тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесін екі рет түртіңіз. Келесі кестеде сенсорлық тақтаның дисплей таңбалары көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлық тақта шамы Таңба Сипаттама Сары Сенсорлық тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшіру Сенсорлық тақтаның қосылғанын көрсетеді. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлық тақта бетімен қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлық тақтаның сол жəне оң жақ түймелері сыртқы тінтуірдің оң жəне сол жағы сияқты пайдаланылады. Сенсорлық тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлық тақта немесе сенсорлық экран меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. Сенсорлық тақта бірқатар əрекеттерді қолдайды. Сенсорлық тақта əрекеттерін пайдалану үшін сенсорлық тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
Түрту Экраннан қажетті элементті таңдау үшін, сенсорлық тақтадағы түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін, сенсорлық тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Таңдалған элемент туралы ақпараты бар анықтамалық экранды ашу үшін экранды басып ұстап тұрыңыз. Жылжу Жылжу əрекеті бетті немесе суретті жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжыту үшін қолданылады.
Қысу/ұлғайту Қысу жəне ұлғайту əрекеттері суреттерді немесе мəтінді ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлық тақтаға бірге қойып, олардың арасын алшақтатыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлық тақтаға бір-бірінен алшақ қойып, одан кейін оларды жақындатыңыз. Пернетақтаны пайдалану Жылдам пернелерді анықтау Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің бірі.
Пернелер тіркесімі fn+f4 Сипаттама Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернесі компьютерден бейне ақпарат алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстыруы мүмкін.
Орнатылған сандар пернетақтасын қолдану (таңдаулы үлгілерде ғана) (1) Бөлшегі Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, орнатылған сандар пернетақтасын қосады жəне өшіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Орнатылған сандар пернетақтасы Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
Орнатылған сандар пернетақтасындағы перне функцияларын ауыстыру Орнатылған сандар пернетақтасындағы пернелердің функцияларын стандартты пернетақта функциялары ретінде де, сандар пернетақтасы функциялары ретінде де қолдануға болады. ● Сандар пернетақтасы өшірулі күйде болғанда, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін, пернетақта пернесімен бірге fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін: ▲ Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам пе
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды киер алдында дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Ережелер, қауіпсіздік жəне қоршаған орта тура туралы ескертулерінен қараңыз. Бұл нұсқаулықты ашу үшін HP қолдау қызметі бөлімін бастау экранынан таңдап, менің компьютерім, одан кейін қолданушы нұсқаулығы бөлімдерін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: болады. дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге ЕСКЕРІМ: қараңыз.
ақпаратты HP ProtectTools қызметін қолдану нұсқаулығынан немесе Келбетті тану бағдарламасының анықтамасынан қараңыз. Бейне Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін: ● VGA ● HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық интерфейс) ● DisplayPort ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздің видео порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. ▲ VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. HDMI (тек таңдаулы үлгілерде) HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немес дыбыстық құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғайды.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз. HDMI үшін дыбыс реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймесі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймесі термині осы нұсқаулықта қуатты басқарудың екі түрі үшін қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнату сапасы нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде тұрса, желіге қосылудың кез- келген түрін қосe немесе компьютердің кез-келген функцияларын орындау мүмкін болмайды.
Күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғауды орнату Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютер құпия сөз талап етуіг орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. 2. Құралдар жəне дыбыс тармағынан Қосу таңдаулары пəрменін таңдаңыз. 3. Сол жақ тақтадан Запрос пароля при пробуждении (Режимнен шыққан кезде құпия сөзді сұрау) параметрін таңдаңыз. 4.
Батарея қуатын пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады.
Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету ▲ Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстіне апарыңыз. Батарея зарядының біту уақытын арттыру Батареяның қуат аяқталу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп қуатсыздану уақыты батареяның сақтау сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Сыртқы қуат көзі болмағанда заряды аз батарея деңгейін реттеу Қуат көзі болмаса жəне батарея қуатының деңгейі төмен болса, жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. Батареяны салу жəне шығарып алу Батареяны салу Батареяны салу үшін: 1. Компьютерді төмен қаратып, батарея ұясын өзіңізге қаратып тегіс беткейге қойыңыз. 2. Батареяны (1) батарея ұяшығына салыңыз. Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді.
3. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, оны компьютерден шығарып алыңыз (3). Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютер астына бекіту үшін, қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде, қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында сақтауға болады. Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу 44-бетте бөлімін қараңыз).
2. Қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясынан (1) алып, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, бұранданы қақпаққа (2) енгізіңіз. Батареяның қуатын үнемдеу ● Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. Құралдар жəне дыбыс тармағынан Қосу таңдаулары пəрменін таңдаңыз. ● Windows басқару тақтасындағы қуат параметрлерінің ішінен қуатты үнемдеп пайдалану параметрін таңдаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əр 6 ай сайын тексеріп тұру керек. Егер заряды 50 пайыздан төмен болса, қайтадан сақтауға қоймас бұрын оны зарядтап алыңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақтың ішінде компьютердің батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютер мен бірге жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді айнымалы ток адаптерін пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары парақшасынан қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Экран қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін: ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыруға болатын батареясы бар компьютерлерге қатысты. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қос графикалық режимдердің екеуі де графиканы өңдейтін екі режимді ұсынады: ● Жұмыс режимі — бұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады. ● Қуат үнемдеу режимі — бұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды. AMD графика параметрлерін басқару үшін: 1. Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Catalyst басқару орталығын ашыңыз жəне Ауыспалы графикалық режимдердің параметрлерін реттеу пəрменін таңдаңыз. 2.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютеріңіздің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне қосыңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің осал бөлшектері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Драйвтарын қолданбас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер оларды қолдану қадамдарында қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қосқанда немесе алмастырғанда, алдымен жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймесін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті оның ілгектерін компьютердегі кетіктермен (1) туралатындай етіп еңкейтіңіз, одан кейін сырғытып (2) жабыңыз. ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған есікті өз орнына (3) орналастырады. 2. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын (4) орнына салыңыз (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз). 3. Батареяны ауыстырыңыз (Батареяны салу 44-бетте бөлімін қараңыз). 4.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығарып алу үшін: 1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз. 4. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу 44-бетте бөлімін қараңыз). 5. Пайдаланылған болса, қауіпсіздік бұрандасын (Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз) шығарып алыңыз. 6.
Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін 1. Қатты диск жетегін ұясына енгізіңіз. 2. Қатты дискіні қосқышқа қосу үшін, қатты дискідегі (1) пластмасса кесіндісін компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 3. Қатты дискінің төрт бұрандасын (2) орнына салыңыз. 4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 56-бетте бөлімін қараңыз). 5.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді.
ЕСКЕРІМ: Негізгі немесе қосымша қатты диск ұясындағы қатты дискілерді HP 3D DriveGuard құралы қорғайды. Қосымша қондыру құрылғыларына орнатылған немесе USB порттарына жалғанған қатты дискілерді HP 3D DriveGuard құралы қорғамайды. Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралы келесі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді: ● HP 3D DriveGuard құралын қосу жəне ажырату. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы құқықтарына байланысты, HP 3D DriveGuard құралын қосу немесе ажырату мүмкіндігіңіз болмауы ықтимал. Əкімші емес пайдаланушылардың құқықтарын əкімшілік тобының мүшелері өзгерте алады. ● Жүйедегі дискінің қолдауы бар-жоқтығын анықтау.
Оптикалық дискілерді енгізу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз. 3. Науаны тартып шығарыңыз (2). 4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6.
2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискіні қорғаушы қабына салыңыз. Диск науасы қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 64 1. Жетектің алдыңғы беткі тақтасындағы босату тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын салыңыз (1). 2.
3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискіні қорғаушы қабына салыңыз.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге салынған дискіні сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі. ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін, көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөз Қызмет Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. *Windows əкімші құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу үшін, Бастау экранына анықтама деп жазып, Анықтама жəне қолдау тармағын таңдаңыз. Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
Құпия сөз Қызмет Зауыттық əдепкі параметрлерге орнатылған TPM (тек таңдаулы үлгілерде) Жоқ/Иə ● Егер əкімші құпиясөзі орнатылмаған болса немесе TPM Security Device (ТРМ қауіпсіздік құрылғысы) опциясы Hidden (Жасырын) параметріне орнатылған болса, бұл опция көрінбейді.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз. 5. Нұсқау берілгенде, растау үшін, жаңа құпия сөзді қайта теріңіз. 6. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сақтау таңбасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз. Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS administrator password (BIOS əкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзі енгізу əрекеті 3 рет қатар сəтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
5. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 6. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сақтау таңбасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз. Автоматты DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз.
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны шетінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін қорапқа салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны шеттерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 82 а. Жад модулінің кетігін (1) жад модулі ұясының құлақшасына қатарластырыңыз.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің бүлінуін болдырмау үшін, оны майыстырмаңыз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 56-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 44-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ шүберек) ● Жұмсақ шүберек сүрткілер ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту HP жаңартылған бағдарламалары жəне драйверлерін жүктеп алыңыз жəне жаңартулар туралы хабарды автоматты түрде алу үшін тіркеліңіз. АҚШ-та қызмет көрсету туралы ақпаратты мына сайтты қараңыз:http://www.hp.com/go/contactHP. Əлем бойынша қызмет көрсету туралы ақпаратты мына сайттан қараңыз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows Backup жəне Restore мүмкіндігін пайдаланыңыз. Жүйе жұмыс істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады. Бастау экранына қалпына келтіру сөзін жазып, параметрлер тармағын басыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен таңдаңыз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін : ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз. ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін. 1. Бастау экранына сақтық көшірме деп жазып, параметрлер тармағын басыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен таңдаңыз. 2.
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты драйвты мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына компьютер деп жазып, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.
12 Компьютерді орнату (BIOS) жəне жетілдірілген жүйе диагностикалары Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Шығу таңбасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне жебе пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді елемеу жəне шығу пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар. BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек. BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (ROM күні жəне BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде) немесе компьютерді орнату қызметі арқылы көрсетуге болады. 1.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен ақылдасыңыз. BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына windows explorer деп жазыңыз да, Windows Explorer тармағын басыңыз. 2. Қатты диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз.
Жүйе ақпараты мен тіркелген қателерді жетілдірілген жүйе диагностикасы терезесінен қарап шығуға болады. Жетілдірілген жүйе диагностикасы құралын бастау үшін: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін басыңыз. 2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: басыңыз.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қызмет көрсету ақпаратын мына сайттан қараңыз:http://www.hp.com/go/contactHP. Əлем бойынша қызмет көрсету ақпаратын мына сайттан қараңыз:http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (3) Өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттамасы (таңдаулы үлгілерде ғана) Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-сайттар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Анықтама жəне қолдау орталығынан табасыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша құралдарды да ұсынады. ● HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қызмет көрсету ақпаратын мына сайттан қараңыз:http://www.hp.
Компьютердің экраны бос Компьютер өшірілмеген, бірақ экран бос болса, төмендегі параметрлердің бірі немесе бірнешеуі осының себебі болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқы режимінде болуы мүмкін. Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз. Ұйқы режимі дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқы режимі компьютер қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Компьютер оптикалық диск жетегін анықтамайды Амалдық жүйе орнатылған құрылғыны анықтамаса, құрылғының драйвері жоқ немесе бүлінген болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2.
● Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен қалпына келтіріңіз. ● Дискіні ойнатудан бұрын күту режимін ажыратыңыз. Дискіні ойнатқан кезде ұйқы режимін қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын ескерту хабары көрсетіледі. Егер ондай хабар көрсетілсе, Жоқ деп жауап беріңіз. Жоқ пəрменін басқа соң, компьютер келесі əрекеттерді жасауы мүмкін: ◦ Ойнату жалғастырылуы мүмкін.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 76 шығарып алу 77 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 37 айнымалы ток адаптері, тексеру 49 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 14 айнымалы ток адаптерін тексеру 49 ақаулықтарды жою дискіні жазу 104 дискіні ойнату 103 оптикалық диск салғыш 102 оптикалық дискіні анықтау 103 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 104 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 96 Өнім кілті 96 аудио кіріс (микрофон) ұясы 12 аудио функциялар, тексеру 35 аудио функ
желіаралық қалған бағдарламасы 77 желі ұясы, анықтау 14 жетілдіріген жүйе диагностикасы 93 жұмыс ортасы 97 жылдам пернелер, медиа 34 З заряды аз батарея деңгейі 43 И Интернет байланысын орнатқыш 22 К кабельдер USB 53 келбет тану 67 Келбетін тану 35 компьютер, сапарға шығу 46, 98 компьютерді күту 83 компьютерді өшіру 39 компьютерді сапарға алып шығу 46, 96, 98 компьютерді тазалау 83 корпоративтік WLAN қосылымы 23 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 30 Күту қосу 40 шығу 40 күту/əрекетсіздік режимінен қосыл
Windows логотипі 10, 11 дыбыс деңгейі 34 медиа 34 функция 10, 11 пернелер тіркесімдері QuickLock 30 аудио ықшам диск, DVD немесе BD дискілерін басқару құралдары 30 батарея заряды 30 дыбысты реттеу 30 пайдалану 29 сипаттама 29 Ұйқы 29 үндеткіш дыбысын өшіру 30 экран жарықтығын азайту 29 экран жарықтығын арттыру 29 экран кескінін ауыстырып қосу 30 пернетақта анықтау 31 пернетақта, біріктірілген сандар 11 пернетақта, сыртқы num lock 33 пайдалану 32 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 29 пернетақталар
қатты диск 12 қуат 5, 6 оптикалық диск жетегі 13 Сенсорлық тақтасы 5 Сенсорлы тақта 6 сымсыз байланыс 5, 6 шамдар, қатты диск 61 H HDMI, дыбысты реттеу 38 HDMI порты, анықтау 14 HDMI порты, жалғау 37 HP 3D DriveGuard 60 HP ProtectTools Security Manager 78 І ішкі дисплей қосқышы 15, 16 ішкі микрофондар, анықтау 15, 16 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 96 Э экран жарықтығы пернелері 29 экран кескіні, ауыстырып қосу 30 электростатикалық разряд 105 B Backup and Restore 87 BIOS жаңарту 91