HP Laptop User's Guide - Windows 8

Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (ROM күні жəне BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc
пернелерін басу (Windows жүйесінде) немесе компьютерді орнату қызметі арқылы көрсетуге
болады.
1. Computer Setup қызметін қосыңыз.
2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен File (Файл) > System Information
(
Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Computer Setup қызметінен өзгертулерді сақтамай шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне жебе пернелердің көмегімен Файл > Өзгертулерді елемеу жəне
шығу пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда
немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе
орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток
көзінен ажыратқан кезде қуат сымынан тартпаңыз.
Компьютерді ұйқы күйіне ауыстырмаңыз жəне өшіріп тастамаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Бастау экранында анықтама сөзін жазып, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
2. Анықтама жəне қолдау іздеу жолағына күту деп жазып, компьютеріңізді анықтау үшін
жəне жүктегіңіз келетін BIOS жаңарту бағдарламасына қол жеткізу үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
а. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты
немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір болған кезде сол жолға кіруге керек
болады.
92 Бап
12 Компьютерді орнату (BIOS) жəне жетілдірілген жүйе диагностикалары