HP Laptop User's Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда
көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына windows explorer деп жазыңыз да, Windows Explorer тармағын
басыңыз.
2. Қатты диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз. Əдетте қатты диск атауы Local Disk (C:)
болады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып,
жаңарту файлдары бар қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды
қатты дискіден жоюға болады.
Жетілдіріген жүйе диагностикасын пайдалану
Жетілдіріген жүйе диагностикасы компьютер жабдықтарының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Жетілдіріген жүйе
диагностикасы құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді:
●
Жүйенің қызметін реттеу — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің
дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді. Жүйенің қызметін реттеу құралдарының тексеру
уақыты ұзағырақ, жад модульдері, қатты дискінің SMART сипаттары, қатты
дискінің беті,
батарея (жəне батареяның дəлдігін реттеу), бейне жады мен WLAN модулі күйінің толық
сынақтары орындалады.
●
Іске қосылу сынағы — бұл сынақ компьютерді бастауға талап етілетін оның негізгі
бөліктерін сараптайды.
● Байқау сынағы — бұл сынақ іске қосылу сынағын қайта орындайды жəне іске қосылу
сынағы барысында анықталмаған оқтын-оқтын мəселелер бар-жоғын тексереді.
●
Қатты диск
сынағы — бұл сынақ қатты дискінің физикалық жағдайын, одан кейін қатты
дискінің əр бөліміндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру барысында бөлімнің
зақымданғаны анықталса, деректер дұрыс бөлімге көшіріледі.
●
Жад сынағы — бұл сынақ жад модульдерінің физикалық жағдайларын анықтайды. Егер
ақаулық анықталатын болса, жад модульдерін бірден ауыстырыңыз.
● Батарея сынағы — бұл сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет
болса, оның дəлдігін
реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, HP тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне мəселені
хабарлап, басқа батарея сатып алыңыз.
● BIOS басқаруы—жүйенің BIOS нұсқасын жаңартуға немесе қайтаруға болады. Бұл
қадамдарды орындау барысында сыртқы қуат көздерін өшіріп немесе ажыратып
тастамаңыз. BIOS жүйеңіз жаңартылғанға дейін сізге растау экраны көрсетіледі. BIOS
жаңартулары, BIOS жүйесін қайтару немесе негізгі мəзірге оралу пəрмендерін
таңдаңыз
.
Жетілдіріген жүйе диагностикасын пайдалану 93