HP Laptop User's Guide - Windows 8
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмір
(3) Өнім нөмірі
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
(5) Үлгі сипаттамасы (таңдаулы үлгілерде ғана)
Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету
жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
●
Microsoft® түпнұсқалық туралы куəлігі - Windows өнім кілті туралы ақпаратты қамтиды.
Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін.
Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
●
Техникалық деректер жапсырмасы — компьютер туралы техникалық ақпаратты
береді.
Техникалық деректер жапсырмасы қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне
жабыстырылады.
●
Сымсыз куəландыру жапсырмалары немесе жапсырмалар (таңдаулы үлгілерде ғана) —
қосымша сымсыз құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір
мемлекеттер мен аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді. Компьютерде бір
немесе бірнеше сымсыз құрылғылар болса, бір немесе бірнеше куəландыру белгісі
компьютермен бірге беріледі. Бұл ақпарат
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы
мүмкін. Сымсыз куəлік беру туралы жапсырма қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне
жабыстырылады.
96 Бап 13 Қолдау