HP Laptop User's Guide - Windows 8

əАқаулықтарды жою
Ақаулықтарды жою көздері
Компьютер туралы веб-сайттар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Анықтама жəне
қолдау орталығынан табасыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін
Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу
қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша құралдарды да ұсынады.
HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қызмет көрсету ақпаратын мына сайттан
қараңыз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Əлем бойынша қызмет көрсету ақпаратын мына
сайттан қараңыз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
Мүмкіндіктер тізімінен қолдау түрін таңдаңыз:
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір тілде чат мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады.
HP қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
HP қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
Мəселелерді шешу
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен олардың шешімдерін сипаттайды.
Компьютер қосылмайды
Егер компьютер қуат түймесін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің
неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін
басқа электр құрылғысын қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы
ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Егер компьютер айнымалы токтан басқа сыртқы қуат көзіне қосылып тұрса, компьютерді
розеткаға айнымалы ток адаптері арқылы қосыңыз. Қуат сымы мен айнымалы ток
адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
100 Қосымша ə Ақаулықтарды жою