HP Laptop User's Guide - Windows 8
Компьютердің экраны бос
Компьютер өшірілмеген, бірақ экран бос болса, төмендегі параметрлердің бірі немесе
бірнешеуі осының себебі болуы мүмкін:
●
Компьютер ұйқы режимінде болуы мүмкін. Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін
басыңыз. Ұйқы режимі дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып
табылады. Ұйқы режимі компьютер қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе
компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы
қосылуы мүмкін. Осы
жəне басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар
жақтауының оң жағындағы Батарея таңбасының оң жағын басыңыз, одан кейін
Қалауылар қызметін басыңыз.
● Компьютер параметрлері кескінді дисплейге шығаратын етіп реттелмеген болуы мүмкін.
Кескінді компьютер экранында көрсету үшін fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз.
Модельдердің көбінде компьютерге монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей
қосылғанда,
бейне не компьютер экранында, не сыртқы дисплейде немесе бірден екеуінде де
көрсетілуі мүмкін. fn+f4 пернелер тіркесімі бірнеше мəрте басылғанда, бейне компьютер
дисплейі, бір немесе бірнеше сыртқы дисплейлер арасында ауысып, барлық
құрылғыларда бірден көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
Егер бағдарлама жауап қатпаса немесе дұрыс жауап қатпаса, компьютерді экранның оң жағын
бағыттап қайта бастаңыз. Шебер түймелері көрсетілгеннен кейін Настройки (Параметрлер)
пəрменін таңдаңыз. Қосу таңбасын басыңыз, одан кейін Жұмысты аяқтау параметрін
таңдаңыз. Егер бұл жолмен компьютерді қайта іске қосу мүмкін болмаса, мына
Компьютер
қосулы, бірақ жауап бермейді 101-бетте бөлімді қараңыз.
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылып тұрғанда бағдарламалық құрал немесе пернетақта пəрмендеріне
жауап бермесе, компьютер өшкенше берілген тəртіппен төтенше өшіру қадамдарын
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру қадамдары орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
●
Қуат түймесін 5 секундтай басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып
табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы
мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын
тексеріңіз.
Мəселелерді шешу 101