HP Laptop User's Guide - Windows 8

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты
қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа
желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата
сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар,
жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке
тимеуін қадағалаңыз. Компьютер жəне айнымалы ток адаптері ақпараттық технология жабдығы
қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат
етілген беткей температурасына сай келеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату жəне қызып
кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-
өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз.
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз.
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғының, əсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
Дұрыс жəне жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Сымсыз немесе сымды желі құралын іске қосу үшін, хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар бағанының түпкі оң жағындағы Желі байланысы таңбасының оң жағын
басыңыз. Құралдарды қосу үшін, мəзір опцияларының терезесінде құс белгі таңбасын
қойыңыз. Құралдарды өшіру үшін, құс белгісін алып тастаңыз.
Компьютердің сымсыз құрылғысы
қосулы екенін тексеріңіз.
Компьютердің сымсыз антеннасына ешқандай кедергілер болмауын тексеріңіз.
Кабель немесе DSL модемінің жəне оның қуат сымының дұрыс жалғанып, шамдардың
жанып тұрғанын тексеріңіз.
Сымсыз маршрутизатордың қуат адаптеріне, кабельге немесе DSL модеміне дұрыс
жалғанып, шамдардың жанып тұрғанын тексеріңіз.
Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Оптикалық диск салғыш ықшам диск жəне DVD дискісін шығару үшін
ашылмайды
1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын (1) кіргізіңіз.
2. Диск салғыш шыққанша қағаз қыстырғышты жайлап басып, ол тоқтағанша салғышты (2)
алға тартыңыз.
102 Қосымша ə Ақаулықтарды жою