HP Laptop User's Guide - Windows 8

Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні
электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен
қалпына келтіріңіз.
Дискіні ойнатудан бұрын күту режимін ажыратыңыз.
Дискіні ойнатқан кезде ұйқы режимін қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын
ескерту хабары көрсетіледі. Егер ондай хабар көрсетілсе, Жоқ деп жауап беріңіз. Жоқ
пəрменін басқа соң, компьютер келесі əрекеттерді жасауы
мүмкін:
Ойнату жалғастырылуы мүмкін.
немесе
Мультимедиалық бағдарламалық құралдағы ойнату терезесі жабылуы мүмкін. Дискіні
ойнатуға оралу үшін мультимедиалық бағдарламалық құралдағы Ойнату түймесін
басып, дискіні қайтадан бастаңыз. Сирек жағдайларда бағдарламадан шығып, оны
қайта қосу керек болуы мүмкін.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Компьютер дисплейі жəне сыртқы дисплей екеуі бірдей қосылған болса, екі дисплейлер
арасында ауысу үшін, fn+f4 тіркесімін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді негізгі ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Windows жұмыс үстелінің бос аймағынан тінтуірдің оң жақ түймесін басып, Экран
ажыратымдылығы параметрін таңдаңыз.
ə. Негізгі дисплей мен
қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРІМ: Екі дисплейді де қолданғанда, DVD бейнесі қосалқы дисплей ретінде
тағайындалған дисплейдің ешбірінде көрінбейді.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын
тоқтатылды
Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Ұйқы режимін өшіріңіз.
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Дискіні көшіріп жатсаңыз, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан кейін қатты дискіден көшіріңіз.
104 Қосымша ə Ақаулықтарды жою