HP Laptop User's Guide - Windows 8

Сымсыз құрылғылар зауытта қосылғандықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймесін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік
береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін:
1. Бастау экранынан h əрпін теріңіз, одан кейін анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
2. Іздеу экранына желі жəне бөлісу деп жазыңыз, одан кейін желі
жəне бөлісу орталығы
тармағын таңдаңыз
Қосымша ақпарат алу үшін Бастау экранына h əрпін теріңіз, одан кейін Анықтама жəне қолдау
тармағын таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз
жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын
күйде қолданылады.
Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі əдетте,
көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі
функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі əдетте бірнеше сымсыз немесе сымды
компьютерлерге Интернет байланысы, принтерді жəне файлдарды аппараттық немесе
бағдарламалық құралдардың қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға
мүмкіндік
беретін сымсыз жол жоспарлағышын пайдаланады.
Компьютерде WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері
немесе қоғамдық не біріккен желі арқылы берілген) қосылу қажет.
Интернет провайдерін пайдалану
Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын
орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз желіге қосылу 21