HP Laptop User's Guide - Windows 8
4 Меңзегіш құрылғылар жəне
пернетақта
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жабдықталған меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түйме конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір параметрлерін көру үшін:
●
Бастау экранына тінтуір деп жазыңыз, параметрлер пəрменін басыңыз, одан кейін
тінтуір пəрменін таңдаңыз.
Сенсорлық тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлық тақта бетімен қалаған бағытқа
жылжытыңыз. Сенсорлық тақтаның сол жəне оң жақ түймелері сыртқы тінтуірдің екі жағы
сияқты пайдаланылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 25