HP Laptop User's Guide - Windows 8
Қысу/ұлғайту
Қысу жəне ұлғайту əрекеттері суреттерді немесе мəтінді ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік
береді.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлық тақтаға бірге қойып, олардың арасын алшақтатыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлық тақтаға бір-бірінен алшақ қойып, одан кейін оларды
жақындатыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
Жылдам пернелерді анықтау
Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің бірі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f1 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктерді өшіріліп, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, ұйқы күйіне өтпей тұрып, жұмысты сақтап
қойыңыз.
fn+f2 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f3 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
Пернетақтаны пайдалану 29