HP Laptop User's Guide - Windows 8

Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернесі компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді
де ауыстыруы мүмкін.
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру
терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде Windows
пайдаланушысының немесе əкімшісінің құпия сөзі енгізілмегенше компьютерге кіру мүмкін
емес.
ЕСКЕРІМ: QuickLock бағдарламасын пайдаланбас бұрын, Windows пайдаланушы кілтсөзін
немесе Windows əкімші кілтсөзін орнату керек болады. Нұсқауларды Анықтама жəне қолдау
бөлімінен қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына қатынау үшін Бастау
экранынан
анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
fn+f6 Орнатылған барлық батареялардың қуаты туралы ақпаратты көрсетеді. Дисплей қай
батареяның қуатталып жатқанын көрсетеді жəне əр батареяда қалған қуат көлемі жайында
есеп береді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn+f8 Үндеткіш дыбысын азайтады.
fn+f9 Үндеткіш дыбысын арттырады
fn+f10 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
fn+f11 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады.
fn+f12 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
Сандық пернетақталарды пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта немесе біріктірілген сандық пернетақта бар.
Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы
бар қосымша сыртқы пернетақтаны қолдайды.
30 Бап 4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта