HP Laptop User's Guide - Windows 8
Орнатылған сандар пернетақтасындағы перне функцияларын ауыстыру
Орнатылған сандар пернетақтасындағы пернелердің функцияларын стандартты пернетақта
функциялары ретінде де, сандар пернетақтасы функциялары ретінде де қолдануға болады.
●
Сандар пернетақтасы өшірулі күйде болғанда, оның пернесінің шарлау функциясын
пайдалану үшін, пернетақта пернесімен бірге fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
◦
Кіші
əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Орнатылған сандар пернетақтасын қолдану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Бөлшегі Сипаттама
(1) num lk пернесі Біріктірілген сандар пернетақтасында жылжу функциясын
жəне сандар функциясын атқарады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
(2) Біріктірілген сандар пернетақтасы num lk пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта
сияқты пайдалануға болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
32 Бап 4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта