HP Laptop User's Guide - Windows 8
6 Қуатты басқару
ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймесі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймесі
термині осы нұсқаулықта қуатты басқарудың екі түрі үшін қолданылады.
Компьютерді өшіру
ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды
жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса компьютерді өшіріңіз:
●
Батареяны ауыстыру немесе компьютердің ішіндегі бөліктерге қол жеткізу қажет болғанда
●
Əмбебап тізбекті шина (USB) портына жалғанбаған сыртқы ақпараттық құралға қосылғанда
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса жəне сыртқы қуат
көзінен
ажыратылған кезде
Компьютерді қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пəрменін қолдану
ұсынылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде тұрса, компьютерді өшірмес бұрын, қосу
түймесін басып, ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Бастау экранынан меңзерді экранның оң жағына қарай бағыттаңыз.
3. Тізім көрсетілгенде, Реттеулер қызметін таңдап, Қосу таңбасын, одан кейін Өшіру
қызметін басыңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтау алдындағы қадамдарды пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай қадамдары көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
Алдымен ctrl+alt+delete пернелерін
, Қосу таңбасын, одан кейін Өшіру пəрменін таңдаңыз.
●
Қосу түймесін 5 секундтай басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Батареяны алыңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу 44-бетте бөлімін қараңыз
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану
Ұйқы күйі зауытта іске қосылады.
Ұйқы күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталды.
Компьютерді өшіру 39